$ 493.85  571.78  6.25

Семейде көшені су басты: Тұрғын әкімдікті сотқа бермек

Оқиғаға байланысты қала тұрғыны полицияға арыз жазып, жауапты мекемелерді жауапкершілікке тартуды талап еткен.

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

 

Семей қаласында еріген қар суы көшелерді басып, тұрғындардың мүлкіне зиян келтірген, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желіде тараған видеоларда жол бойы көлкіген су мен лайға айналған көшені көруге болады.

Тұрғынның айтуынша, су арнайы арық жүйесі болмағандықтан немесе уақытында тазаланбағандықтан жиналып қалған. Оқиғаға байланысты қала тұрғыны полицияға арыз жазып, жауапты мекемелерді жауапкершілікке тартуды талап еткен.

Оның сөзінше, ол «Зеленстрой» мекемесінің басшылығына қатысты шара қолдануды сұрап, келтірілген материалдық және моральдық шығынды өндіріп алу үшін сотқа жүгінбек. Қала тұрғындары бұл жағдай бірінші рет емес екенін айтады.

Әлеуметтік желі қолданушылары да пікір қалдырып, коммуналдық қызмет пен әкімдіктің жұмысына сын айтқан. Кейбірі «Әкім бар ма өзі қалада? Жұмыс істей ме?» деп ашық наразылық білдірген. Көктем келісімен қайталанатын мұндай жағдайлар коммуналдық жүйенің дайын еместігін тағы көрсетті.

Жыл сайын қайталанатын мәселе шешілмей келе жатқанына тұрғындар наразы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0