$ 493.85  571.78  6.25

Тұман, көктайғақ: алдағы күндері ауа райы тұрақсыз болады

Бұл туралы «Қазгидромет» РМҚ мәлім етті.

Фото: «БИЗНЕС Online»
Фото: «БИЗНЕС Online»

Қазақстан аумағының көп бөлігінде атмосфералық фронттардың әсерінен ауа райы тұрақсыз болады, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» РМҚ мәлім етті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

— Елдің солтүстік-шығысында және орталығында қалың қар жауады, ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста кей кездері күшті жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Республика бойынша жел күшейіп, көктайғақ, тұман күтіледі, ал солтүстік өңірлерде боран болуы мүмкін, — делінген хабарламада.

Елдің көптеген облыстарында ауа температурасының жоғарылауы күтіледі:
Батыста түнде 15–28° аяздан 6° аяз–2° жылуға дейін, күндіз 2–13° аяздан 0–10° жылуға дейін;

Оңтүстік-батыста түнде 8–16° аяздан 6° аяз–2° жылуға дейін, күндіз 0–8° аяздан 5–13° жылуға дейін;

Солтүстік-батыста түнде 22–33° аяздан 2–10° аязға дейін, күндіз 15–20° аяздан 2° аяз–3° жылуға дейін;

Солтүстікте түнде 15–33° аяздан 10–23° аязға дейін, күндіз 15–25° аяздан 0–7° аязға дейін;

Орталықта түнде температура 2–15° аяздан 15–30° аязға дейін төмендеп, 12 наурызда 10–21° аязға дейін жоғарылайды; күндіз 2–15° аяздан 10–20° аязға дейін төмендеп, 12 наурызда 0–10° аязға дейін көтеріледі;

Шығыста түнде 0–8° аяздан 15–30° аязға дейін төмендеп, күндіз 2° аяз–3° жылудан 3–18° аязға дейін;

Оңтүстікте түнде 2–21° аяздан 7–23° аязға дейін төмендеп, күндіз 13° аяз–5° жылудан 0–5° жылуға дейін;

Оңтүстік-шығыста түнде 11° аяз–5° жылудан 10–28° аязға дейін төмендеп, күндіз 6° аяз–7° жылудан 0–15° аязға дейін болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0