$ 491.59  572.16  6.24

Атырауда Наурыз бен Мейрамгүлдің мәйітінен үшкір заттан алған жарақаттар анықталған

Бұл туралы облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Құттыбай Садықов мәлімдеді.

Фото: Aiqyn.kz
Фото: Aiqyn.kz

Атыраудағы "Геолог" ықшам ауданында үй іргесінен табылған Наурыз Мұқанғалиев пен Мейрамгүл Қарабалинаның мүрдесінен үшкір заттың іздері байқалған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Құттыбай Садықов мәлімдеді.

Оның айтуынша, марқұмдардың нақты неден және қашан көз жұмғаны сараптама қорытындысынан кейін белгілі болады.

"Мүрделерде үшкір заттан болған жарақаттар бар. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деді Құттыбай Садықов.

Еске салайық, жуырда полиция Атырау облысы Жангелдин ауылында бүтін бір отбасының өліміне күдіктіні тергеу әрекеттері үшін оқиға орнына апарған. Күдікті тергеушілерге қылмысты қалай жасағанын көрсеткен.

Алдын ала мәліметке сәйкес, ол ата-енесін өлтіріп, ауладағы сарай ішінде тереңдігі шамамен 1,5 метр шұңқыр қазып, денелерді сол жерге көміп кеткен. Үстіне диван қойып, ізін жасырмақ болған. 29 жастағы күдікті бұрынғы әйелінің бауырлары Наурыз Мұқанғалиев пен Мейрамгүл Қарабалинаны қаладағы жалдап тұрған үйінің іргесіне көмген. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0