Мамандардың пікірінше, жол қауіпсіздігіне қатысты құрылғылар ең алдымен мықты бекітілуі тиіс.
Көкшетауда жол қиылыстарының бірінде светофор салбырап, көлік қозғалысына қауіп төндірген жағдай видеоға түсіп қалды. Әлеуметтік желіде тараған кадрлардан жол бойындағы құрылғының босап, төмен түсіп кеткені анық көрінеді. Бұл қала инфрақұрылымының сапасына қатысты сұрақты тағы көтерді.
Тұрғындардың айтуынша, мұндай жағдай бірінші рет емес. Кейбір көшелерде жол белгілері қисайып, светофорлар дұрыс бекітілмеген күйде тұрғаны бұрын да байқалған. Соған қарағанда орнату кезінде талап толық сақталмаған деген күмән бар.
Мамандардың пікірінше, жол қауіпсіздігіне қатысты құрылғылар ең алдымен мықты бекітілуі тиіс. Себебі мұндай ақау адам өміріне тікелей қауіп төндіреді. Ал қарапайым желдің өзіне шыдамай тұрған светофорлар сапа мәселесін көрсетеді.
Қала тұрғындары жауапты мекемелер инфрақұрылымды уақытында тексермейді деп наразы. Әсіресе жол қиылыстарындағы техникалық жағдай бақылауда болмаса, мұндай оқиғалар тағы қайталануы мүмкін.