$ 489.39  567.99  6.19

Атырауда автобус жоқ: Береке тұрғындары аялдамада сағаттап тұр

Береке тұрғындары бұл мәселені бірнеше рет көтергенін айтады.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Атырау қаласындағы Береке шағын ауданының тұрғындары қоғамдық көліктің тұрақсыз жүретініне шағымданды. №15 бағыттағы автобус кей уақытта мүлде келмей, адамдарды аялдамада ұзақ күтуге мәжбүрлейді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әсіресе мектептен қайтқан балалар мен егде жастағы тұрғындарға суықта тұру қиын болып отырғанын жергілікті халық айтып отыр.

Тұрғындардың сөзінше, автобус жақын маңда болғанымен, кейде белгіленген бағытпен жүрмей кетеді. Соның салдарынан адамдар жұмысына, оқуға кешігеді. Аялдамада ондаған адам жиналып тұрса да, қоғамдық көлік уақытында келмейді.

Береке тұрғындары бұл мәселені бірнеше рет көтергенін айтады. Алайда жауапты мекемелер тарапынан нақты нәтиже жоқ. Қалада жаңа шағын аудандар көбейгенімен, көлік қатынасы соған сай ұйымдастырылмағаны сынға алынды.

Жергілікті халық әкімдік пен тасымалдаушы компаниядан автобус қозғалысын реттеуді талап етті. Қоғамдық көлік дұрыс жүрмесе, жаңа аудандарды салудың өзі тұрғындарға қиындық әкелетінін айтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0