12.03.2026, 12:40

Алматыда барахолка базарындағы қоймадан ірі өрт шықты

Фото: ТЖМ

Зардап шеккендер жоқ.

Алматы қаласындағы барахолка аумағында орналасқан қойма өртеніп кетті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

ҚР ТЖМ мәліметінше, өрт Алатау ауданының Шапағат шағын ауданындағы Шоссейная көшесінде болды. Өрт сөндірушілер келгенде ашық от шарпығаны көрінді.

«Төтенше жағдай қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында кәсіпкерлердің мүліктерінің айтарлықтай бөлігі сақталды», – делінген хабарламада.

Өрт шамамен жарты сағатта толық сөндірілді. Өрт шыққан алаң шамамен 200 шаршы метрді қамтыды. Зардап шеккендер жоқ.