Қазақстандағы әскерилердің жалақысын шұғыл түрде көтеру керек сияқты.
Алматы қаласы, Алатау ауданы, «Дарабоз» ықшамауданындағы дүкен иесі видеобақылауға түсіп қалған әскери киімдегі «джентльменнен» кішігірім өтініш сұрайды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Аталған азамат бір банка сыраны ешкімге білдіртпей, нағыз барлаушыларға тән шеберлікпен алып, «ағылшынша» қоштаспай кетіп қалған екен.
Дүкен иесінің айтуынша, бұл ұрлық емес, жай ғана «тактикалық маневр» болса керек. Десе де, сол сыраның ақшасын кассаға төлеп, «операцияны» ресми түрде аяқтауды сұрайды.
Қазақстандағы әскерилердің жалақысын шұғыл түрде көтеру керек сияқты. Әйтпесе, батырларымыз дүкендерде «стелс» (көрінбеу) режимін сыра үшін қосуға мәжбүр болып жүр.