$ 491.68  568.23  6.2

Рио Олимпиадасының қола жүлдегері «Қайсардың» намысын қорғайтын болды

Бұл туралы клубтың әлеуметтік желідегі ресми парақшасы жазды. 

fmmvibe.com
fmmvibe.com

Биыл бірқатар қазақстандық команда құрамына әлемдік футбол жұлдыздарын қосып жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Қызылордалық клуб 32 жастағы нигериялық шабуылшымен келісімшартқа отырды. Имо Эзекиль кәсіби мансабында бельгиялық «Стандарт», «Андерлехт», испаниялық «Лас-Пальмас», Біріккен Араб Әмірлігінің «Әл Жазира», «Әл Зафра» командаларында доп тепкен. Сондай-ақ, Нигерия құрамасының намысын қорғап, Рио Олимпиадасының қола жүлдесін жеңіп алған. 

Бұған дейін қызылордалық клуб атақты Виктор Мозесті қатарға қосқан еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0