Азизи бұл туралы сенбі, 14 наурыз күні Х әлеуметтік желісінде жазған.
Иран парламентінің Ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат жөніндегі комиссиясының төрағасы Ибрагим Азизи Украина Израильге ұшқышсыз ұшу аппараттары арқылы қолдау көрсету арқылы «іс жүзінде соғысқа тартылды» және «өз аумағын түгелдей Иран үшін заңды нысанаға айналдырды» деп деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы Tengrinews.kz сілтеме жасап.
Азизи бұл туралы сенбі, 14 наурыз күні Х әлеуметтік желісінде жазған.
«Израиль режиміне ұшқышсыз аппараттар арқылы қолдау көрсету арқылы сәтсіздікке ұшыраған Украина іс жүзінде соғысқа тартылды және Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының 51-бабына сәйкес өз аумағын түгелдей Иран үшін заңды нысанаға айналдырды», — деп түсіндірді ол.
Киев бұл мәлімдемеге жауап ретінде Тегеранның Ресейдің Украинаға қарсы соғысына көрсеткен көмегін еске салды. Украина Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесіне қарасты Дезинформацияға қарсы іс-қимыл орталығының басшысы Андрей Коваленко «Иран 2022 жылы Ресейге “Шахед” дрондарын бергенін» айтты.
Басылымның жазуынша, Ресейдің жақын одақтасы саналатын Иран Украинаға қарсы толық ауқымды соғыс басталғалы бері Мәскеуге мыңдаған ұшқышсыз ұшу аппаратын жеткізген. Кейін Ресей оларды жетілдіріп, өз өндірісін жолға қойған.
DW мәліметінше, қазіргі уақытта Украинада ұшқышсыз ұшу аппараттарын тосып алу көрсеткіші шамамен 80 пайызды құрайды.
АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысы және Тегеранның Парсы шығанағындағы елдерге шабуылдары жалғасып жатқан тұста 11 мемлекет Киевтен «Шахед» үлгісіндегі дрондарға қарсы күресуге көмектесуді сұраған. Бұл туралы бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский мәлімдеген.
Оның айтуынша, өңірге украиналық дрон-тосқауылдар мен ұшқышсыз аппараттар бойынша сарапшылар тобы жіберілуде.