Отандасымыз ат снарядындағы жаттығуда финалда 13.733 ұпай жинап, екінші орынға ие болды.
Қазақстандық гимнаст Зейнолла Ыдырысов Түркияның Анталья қаласында өтіп жатқан Спорттық гимнастикадан Әлем кубогы кезеңі жарысында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Отандасымыз ат снарядындағы жаттығуда финалда 13.733 ұпай жинап, екінші орынға ие болды.
Жарыс жеңімпазы ирландиялық Рис Маккленаган атанды – 13.900 ұпай. Ал оның отандасы Джеймс Хикки 13.566 ұпаймен үшінші орынды иеленді.
Айта кетейік, қол тіреп секіру жаттығуының финалында қазақстандық Роман Маменов өнер көрсетеді.