$ 482.49  556.75  5.79

Қарағандыда жантүршігерлік жол апатынан 3 адам қаза тапты (ВИДЕО)

Апат 18 наурыз күні Балқаш қаласы жағынан Қарағанды бағытына қарай, Ақшатау кентінен 40 шақырым жерде болған.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Астана – Қарағанды – Алматы тас жолында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші мен оның екі жолаушысы көз жұмды,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қарағанды облыстық полиция департаментінің мәліметінше, апат 18 наурыз күні Балқаш қаласы жағынан Қарағанды бағытына қарай, Ақшатау кентінен 40 шақырым жерде болған.

Алдын ала дерек бойынша, Chevrolet Cobalt көлігін басқарған 30 жастағы жүргізуші ұзаққа созылған бұрылыста көлікті тізгіндей алмай, салдарынан көлік аударылған.

Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде жүргізуші мен оның екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты.

«Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізіліп жатыр», – деп мәлімдеді полиция.

Қарағанды облысының полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, ауа райы мен жол жағдайын ескеруге, сондай-ақ белгіленген жылдамдықты асырмауға шақырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0