$ 482.49  556.75  5.79

Батыс Қазақстанда ауыл әкімі мас күйде көлік жүргізген

БҚО сотының баспасөз қызметі істің сотқа түскенін жеткізді. 

Фото: kp.ru/ Олег ЗОЛОТО
Фото: kp.ru/ Олег ЗОЛОТО

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданында ауыл әкімінің рульге масаң күйде отырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, патрульдік полиция батальоны қызметкерлерімен Чапаев ауылы маңында көлік құралын алкагольдік масаң күйде басқарған жүргізуші анықталған. 

— Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Материалдар сотқа жолданды, — деп хабарлады ведомстводан.

БҚО сотының баспасөз қызметі істің сотқа түскенін жеткізді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0