$ 482.49  556.75  5.79

Дональд Трамп Тоқаевты Майамиде өтетін G20 саммитіне шақырды

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияр мәлімдеді. 

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына АҚШ Президенті Дональд Трамптан хат келіп түсті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияр мәлімдеді. 

Америка көшбасшысы ақпан айында Вашингтонда өткен Бейбітшілік кеңесінің алғашқы жиыны аясындағы Қазақстан Президентімен кездесуді ықыласпен еске алды.

Құрама Штаттардың Президенті Мемлекет басшысын Бейбітшілік кеңесінің келесі отырысында және жыл соңына қарай Майамиде өтетін G20 саммитінде күтетінін жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0