$ 482.33  557.57  5.74

Қарағандыда әйелдің үстіне жарық бағаны құлап, көз жұмды (ВИДЕО)

Полиция қылмыстық іс қозғады.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Қарағандыда жолдан өтпек болған әйелдің үстіне жарық бағаны құлап кетті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оқиға бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Қайғылы жағдай Қарағандының 22-ші шағын ауданында болған.

"59 жастағы әйел жолдан кесіп өтпек болғанда, күтпеген жерден жарық бағаны құлаған. Жәбірленуші ауруханаға жеткізілді, бірақ дәрігерлер оны құтқара алмады", – делінген хабарламада.

Полиция қылмыстық іс қозғады.

"Қарағандының 59 жастағы тұрғынының қаза болу фактісі бойынша (104-баптың 1-бөлігі) қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта жан-жақты тергеу жүргізіліп жатыр, қажетті сараптамалар жасалып жатыр", – дейді Қарағанды облысының полиция департаменті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0