$ 482.33  557.57  5.74

«6-7 айлық сәби»: Қосшыда жол жиегінен нәрестенің денесі табылды

Бұл туралы ақпарат алғаш рет әлеуметтік желілерде тарады.

Фото: unsplash
Фото: unsplash

Ақмола облысына қарасты Қосшы қаласында жол жиегінен жаңа туған нәрестенің денесі табылды. Полиция аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастағанын хабарлады, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ақпарат алғаш рет әлеуметтік желілерде тарады.

Куәгерлердің сөзіне қарағанда, жол шетінде жатқан пакеттің ішінен шамамен 6-7 айлық шарананың денесі табылған.

Осы жайтқа байланысты облыстық полиция департаменті ресми түсініктеме берді.

– Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында тиісті тергеу шараларының кешені жүргізіліп жатыр, - деп мәлімледі Ақмола облыстық ПД.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0