02.04.2026, 16:00

Қасым-Жомарт Тоқаев Сбербанктің басқарма төрағасы Герман Грефті қабылдады

Фото: Ақорда

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сбербанктің басқарма төрағасы Герман Грефті қабылдады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Кездесуде банк саласын дамытудың өзекті мәселелері, қазіргі геосаяси жағдайдың аймақ елдері экономикасына әсері, сондай-ақ қаржы секторында цифрлық шешімдер мен жасанды интеллектіні қолдану перспективасы талқыланды.