Оқиға 8 сәуірде болған.
Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында 21 жастағы жігітті атып кетті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Оқиға 8 сәуірде болған.
"Полиция кісі өлтіруге оқталу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Екі күдікті анықталып, дереу ұсталды. Қару тәркіленді. Қазіргі уақытта олар уақытша ұстау изоляторына қамалды", - дейді полицияда.
Полиция қызметкерлері тергеу жүргізіп жатыр.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы науқас ауыр жағлайда жеткізілгенін айтады. Бүгін санавиациямен облыс орталығы Өскеменге жеткізілген. Жағдайы тұрақты ауыр.