10.04.2026, 10:50

Жетісу облысында ер адам әйелді күрекпен аяусыз соққыға жықты

Фото: видео скриншот

Қазіргі таңда бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Алматы облысында көрші арасындағы жанжал ауыр жағдайға ұласты. Ақсу ауданындағы Сұйықсай ауылында әйел адам өз үйінің маңында соққыға жығылған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Куәгерлердің сөзінше, жанжал тұрмыстық даудан басталған. Ер адам әйелдің балаларына тиісіп, артынан агрессияға көшкен.

Ескерту айтылған сәтте ол күрек алып, әйелге шабуыл жасаған. Ауыл тұрғындары шабуыл кезінде бірнеше мәрте соққы болғанын айтады.

Жарақат алған әйел жедел түрде аудандық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оған бас-ми жарақаты мен қол сүйегінің сынуын тіркеген.

Қазіргі таңда бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

 

 

 

Видео дереккөзі: Instagram парақшасы ai_isha