10.04.2026, 15:55

11 сәуірде Бұхара қаласында Тоқаев Шавкат Мирзиёевпен бейресми кездесу өткізеді

Фото: Ақорда

Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады.

11 сәуірде Бұхара қаласында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев бейресми кездесу өткізеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекеттер басшылары екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықты нығайту перспективасын, сондай-ақ өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылауды жоспарлап отыр.