Орталық аймақтарда көктайғақ болуы мүмкін.
Синоптиктер 16-18 сәуір аралығында ел аумағында күн райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Метеорологтардың мәліметінше, 16-18 сәуір аралығында Қазақстан аумағындағы ауа райына екі барикалық түзілім әсер етеді:
Қазақстан бойынша тұман түсіп, желдің күшеюі байқалады, ал солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда көктайғақ болуы мүмкін.
Кезеңнің басында солтүстікте түнгі ауа температурасы -1…-8°С-қа дейін, күндіз +1…+8°С-қа дейін төмендейді.
Кезеңнің соңында шығыста түнде -2…-18°С-қа дейін төмендесе, күндіз 0…+13°С шамасында болады.
Елдің қалған аумағында температуралық фон айтарлықтай өзгермейді.