$ 471.46  555.38  6.18

Аягөз–Шұбартау жолы ойран болды: халық өз қолымен қазып, жолды жабуға дайын

Бұл жолмен жүру - көлікке де, адамға да қауіп.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Аягөз бен Шұбартау арасындағы жол бүгін адам жүргісіз күйге түскен. Кадрлардан асфальттың қақ айырылып, терең орға айналғанын анық көруге болады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жергілікті тұрғындар шыдамы таусылып, жолды өздері қазып, жабамыз деп отыр. Айтуларынша, бұл жолмен жүру - көлікке де, адамға да қауіп.

Бұрын екі сағатта жететін бағыт қазір бірнеше есе ұзарған. Ауыр жүк көліктері мен сапасыз жөндеу мәселені ушықтырып жіберген.

Жыл сайын бөлінетін қаржының қайда кетіп жатқанына халық күмәнмен қарайды.

Биылғы жөндеу де нәтиже бермеген, жаңа салынған бөліктер бірден бұзылған. Бұл мәселе бүгін туған жоқ, ондаған жыл бойы қордаланған проблема.

Жергілікті жұрт егер шешім болмаса, жолды толық жауып тастаймыз деп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0