Оқиға желіге тараған соң, қоғамда үлкен наразылық туындады.
Өзбекстанда көлік мінген топ гүл жайнаған алқапты таптап, видео түсірген, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Кадрдан бірнеше көлік қызыл гүлдердің үстімен жүріп, әдейі дрифт жасағаны көрінеді. Оқиға желіге тараған соң, қоғамда үлкен наразылық туындады.
Құқық қорғау органдары бұл әрекетті табиғатқа зиян келтіру деп бағалап отыр. Қазір ішкі істер мен экология қызметі тексеріс жүргізіп жатыр. Ал экологтар келтірілген шығын көлемін есептеп жатыр.
Оқиғаға қатысқандар өздерін “табиғатта демалдық” деп ақтаған. Алайда мамандар мұндай әрекет сирек өсімдіктерге орны толмас зиян келтіретінін айтады. Әлеуметтік желі қолданушылары кінәлілерді қатаң жазалауды талап етуде.