Салдарынан бір қыз бала соққы алса, екіншісінің маңдайы тілінген.
Қарағанды облысындағы аудандардың бірінде балабақшада шулы оқиға тіркелді. Тыныштық сағатында балалар ұйықтап жатқан бөлмеге белгісіз бала кірген.
Куәгерлердің айтуынша, ол балаларды оятып, қорқыта бастаған. Оның қолында кеңсе пышағы болғаны айтылуда. Салдарынан бір қыз бала соққы алса, екіншісінің маңдайы тілінген.
Оқиға ата-аналар арасында үлкен алаңдаушылық тудырды. Өйткені бұл – балалар өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп. Тұрғындар жауапты органдардан шұғыл тексеріс жүргізіп, кінәлілерді жазалауды талап етуде. Әзірге ресми органдардан нақты түсініктеме берілген жоқ. Балабақшадағы қауіпсіздік мәселесі тағы да қоғамның назарын өзіне аударды.