$ 469.52  553.75  6.15

5 адам қаза тапқан: Киевте атыс болды

Бұл ақпаратты Украина президенті Владимир Зеленский растады.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Киевтің Голосеев ауданында қарулы ер адамның атыс ұйымдастыруы салдарынан кемінде бес адам қаза тапты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл ақпаратты Украина президенті Владимир Зеленский растады.

Оның айтуынша, құқық қорғау органдары шабуыл барысында кепілге алынған төрт адамды аман алып қалған. Сондай-ақ мемлекет басшысы ішкі істер министрі қылмыскердің «жойылғаны» жөнінде баяндағанын жеткізді. Кейіннен бұқаралық ақпарат құралдары күдіктінің жеке басы анықталғанын жазды.

Мәліметке сәйкес, ол – 1968 жылы туған Дмитрий Васильченков. Бұрын Ресей армиясында подполковник болған, №30274 әскери бөлімінде қызмет атқарған. Мәскеуде дүниеге келген, Украина азаматтығы бар. Алдын ала деректерге қарағанда, күдікті алдымен көшеде, кейін «Велмарт» супермаркетінде адамдарға оқ жаудырған. Қарулы адам жасырынған нысанды Ұлттық полицияның КОРД арнайы жасағы шабуылмен алған.

Украиналық БАҚ дерегіне сүйенсек, қылмыскер Kel-Tec SUB-2000 маркалы аңшылық қаруын пайдаланған. Сонымен қатар, шабуыл жасар алдында ер адамның өз пәтерін өртеп жібергені белгілі болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Тегтер:

#атыс #Киев