Абай облысының оңтүстігінде де жоғары өрт қаупі сақталады.
Қазақстанның 15 облысында 18 сәуірге дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде және шығысында түнде және таңертең тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады.
Қарағанды облысында да түнгі және таңғы уақытта тұман мен көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан және оңтүстіктен соғатын желдің екпіні күндіз 15-20 м/с, кейде 23 м/с-қа дейін жетеді. Облыстың оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.
Абай облысының оңтүстігінде де жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының батысында түнде және таңертең тұман күтілсе, күндіз солтүстік пен шығыста шаңды дауыл болуы мүмкін. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының шығысы мен оңтүстігінде қар, көктайғақ және тұман күтіледі. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Батыс Қазақстан облысында да тұман түсіп, желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Орал қаласында да осындай жағдай сақталады.
Маңғыстау облысының оңтүстігі мен орталығында тұман болады, желдің жылдамдығы 16 м/с-қа дейін жетеді.
Жамбыл облысының оңтүстігінде жаңбыр мен найзағай, таулы аймақтарда қар аралас жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде тұман түседі. Желдің екпіні 15-20 м/с. Солтүстікте және тау бөктерінде 1 градусқа дейін үсік болуы мүмкін. Өңірдің кей бөліктерінде өрт қаупі жоғары.
Ақмола облысында желдің екпіні 15-20 м/с, кейде 23-28 м/с-қа дейін күшейеді.
Қызылорда облысының орталығында тұман, солтүстігінде 1-3 градус үсік күтіледі.
Қостанай облысында тұман түсіп, желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетеді.
Алматы облысында желдің екпіні 15-20 м/с, тау бөктерінде түнде үсік болуы мүмкін.
Жетісу облысының таулы аймақтарында тұман күтіледі. Кей жерлерде желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетеді, үсік болуы мүмкін. Сонымен қатар өрт қаупі жоғары.
Павлодар облысында желдің екпіні 15-20 м/с, солтүстігінде 23-28 м/с-қа дейін күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысында желдің жылдамдығы 30 м/с-тан асады деп күтілуде.