$ 469.49  552.59  6.24

Астанада бүлдіршін терезеден құлап көз жұмды

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Елордада қайғылы оқиға болды. Тілендиев көшесі, 44А мекенжайындағы көпқабатты тұрғын үй кешенінің терезесінен бала құлап кетті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл ақпаратты Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы растады.

Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы шұғыл жеткенімен, баланы аман алып қалу мүмкін болмады.

Алған жарақаттарынан бала көз жұмып, медицина қызметкерлері өлімін тіркеді.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0