$ 469.49  552.59  6.24

«Өнерімізді бағалайтынына қуаныштымыз»: Танымал блогер Моңғолия президентімен кездесті (ВИДЕО)

Бұл туралы блогер желідегі парақшасында жазды. 

Коллаж: SN.kz
Коллаж: SN.kz

Танымал блогер Нұргелді Кердеш әлеуметтік желідегі парақшасында маңызды кездесу өткенін хабарлады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, ол әкесімен бірге Моңғолия президенті Ухнаагийн Хүрэлсүхпен жүздескен. 

"Бүгін әкем екеуіміз Монғолия елінің президенті Ухнаагийн Хурэлсухпен кездестік. Осындай жоғары лауазымды адамдар өнерімізді бағалайтынына өте қуаныштымыз. Монғолиядағы оқырмандарыма ыстық сәлеміміз болсын. Жақында сіздермен жолығамыз", – деп жазды блогер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0