23.04.2026, 22:30

1 жылға дейін кейінге қалдырылуы мүмкін: Прокурор Жанәбіловтердің ісі бойынша ұстанымын айтты

Фото: tengrinews.kz

"Соңғы шешімді сот қабылдайды". 

Блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенова қатысты сот процесі аяқталуға жақын. 24 сәуір, жұма күні айыпталушылар сотта соңғы сөздерін айтуы тиіс, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы Tengrinews.kz сілтеме жасап. 

Бүгін БАҚ өкілдері мемлекеттік айыптаушы Олжас Хайруллаевтан айыптау тарапының позициясын нақтылауды сұрады. Бұған дейінгі сот жарыссөзінде прокурор Төлегеноваға 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды, алайда оны өтеуді бір жылға шегеруді ұсынған еді.

Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің 74-бабына сәйкес, 14 жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге жаза өтеуді бес жылға дейін кейінге қалдыру мүмкіндігі қарастырылған. Прокурор бұл норма ескерілгенін айтып, өз ұстанымы бір жылмен шектелетінін жеткізді.

Журналистердің Төлегенованың үш кішкентай баласының бар екені жазаның жеңілдеуіне әсер ете ме деген сұрағына Хайруллаев бұл факторлардың барлығы есепке алынғанын атап өтті.

«Барлық мән-жайлар ескерілді. Бұл – менің ұстанымым. Соңғы шешімді сот қабылдайды», – деді ол.