Осыдан кейін блогер процестік келісім жасау жөнінде өтінішхат түсірген.
Блогер Эльмира Төлегенова соттағы соңғы сөзінде процестік келісім жасасуды сұрап, өзіне және жұбайына бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды өтінді. Оның айтуынша, бұл жағдай өздері үшін үлкен өмірлік сабақ болған.
«Өзіміз үшін үлкен қорытынды жасадық, бұл бізге өмірлік сабақ болды. Заң бұзғанымызға шын жүректен өкінеміз. Құрметті сот, маған және жұбайыма бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындауды сұраймын», — деді Төлегенова.
Осыдан кейін блогер процестік келісім жасау жөнінде өтінішхат түсірген. Судья өтінішті қабылдап, айыптау тарабына оны талқылау үшін бір сағат уақыт берген. Осыған байланысты сот отырысында үзіліс жарияланып, залдағы қатысушылар сыртқа шығарылған. Еске салайық, бұған дейін Эльмира Төлегенова сот отырысына келмей қалған болатын. Қорғау тарабы оның денсаулығы сыр бергенін мәлімдеген. Соның салдарынан отырыс әуелі екі сағатқа шегеріліп, кейін бүгінге ауыстырылған.