Қазір бұл мәселе Мәжіліс қабырғасында қаралып жатыр.
Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу жүйесіне қатысты дау шықты. Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов бұл салада заңсыздық барын ашық айтты. Оның сөзінше, кей азаматтар «праваны» емтихансыз-ақ сатып алып жүр. Депутат мұндай жағдайды өзі де көргенін жасырмады. Айтуынша, бұл – жол қауіпсіздігіне тікелей қауіп.
Әбенов жүргізуші куәлігін беретін және оқытатын ұйымдарды толық тексеруді ұсынды. Себебі дәл осы жүйеде жемқорлық тәуекелі жоғары екені айтылды. Егер тексеріс кезінде заң бұзушылықтар анықталса, ондай мекемелердің жұмысы тоқтатылуы мүмкін.
Қазір бұл мәселе Мәжіліс қабырғасында қаралып жатыр. Депутаттар жүргізуші куәлігін алу тәртібін қатаңдату қажеттігін көтеруде.