$ 457.21  534.62  6.08

Құрылысшылардың салғырттығы: өрт неге жиілеп кетті?

Фото: Мәжіліс
Фото: Мәжіліс

Қазақстанда өрт оқиғаларының жиілеуіне құрылыс компанияларының да қатысы бар. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек ашық айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оның сөзінше, көптеген нысанда өрт қауіпсіздігі талаптары сақталмайды. Ал бұрын заңда құрылыс саласына нақты әрі қатаң талаптар жеткіліксіз болған.

Соның салдарынан қауіпсіздікке салғырт қарау қалыпты жағдайға айналған. Депутаттың айтуынша, бұл мәселе тексеріс кезінде жиі анықталып отыр.

Яғни, кейбір компаниялар нысанды тез өткізу үшін қауіпсіздік талаптарын елемейді. Енді жағдай өзгермек.

Шілде айынан бастап құрылыс компанияларына қойылатын талаптар күшейтіледі.

Жаңа заң бойынша өрт қауіпсіздігі қатаң бақылауға алынады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0