Іс бойынша тергеу жұмыстары аяқталуға жақын.
Қазақстан Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов даулы қылмыстық іске қатысты жаңа мәліметтерді айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Санжар Әділовтің сөзінше, Шымкентте қаза тапқан 21 жастағы студент Нұрай Серікбайдың өлімі бойынша тергеу аяқталуға жақын.
“Тергеушінің тағайындауымен сот-психиатриялық сараптама жүргізілді. Қорытындыға сәйкес, айыпталушы есі дұрыс деп танылды. Енді ол заң алдында жауап беред”, – деді вице-министр.
Еске салайық, қаңтарда Шымкентте 21 жастағы студентті жас жігіт асқан қатігездікпен пышақтап өлтірген еді. Нұрай Серікбай оқиға орнында тіл тартпай кетті. Күдікті көзі тірісінде қыздың қыр соңынан қалмай, тіпті алып қашқаны да анықталған. Полиция адам өлтіру мен сталкинг баптары бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр. Алайда араға үш ай салып 28 жастағы жігіттің уақытша ұстау изоляторынан Талғардағы психикалық орталыққа ауыстырылғанын марқұмның туыстары түсінбей отыр.