$ 462.91  542.16  6.16

Қостанайда ер адам көшедегі бейтаныс әйелді аямай ұрып кеткен (ВИДЕО)

Қазіргі уақытта әйел адам дене жарақатын келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Қостанайда ер адам көшеде кетіп бара жатқан бейтаныс әйелді аямай ұрып, қашып кетті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. Полицияның мәліметінше, күдікті қолға түсті. Сондай-ақ оның психикалық денсаулық орталығында есепте тұрғаны және қазіргі уақытта мамандандырылған медициналық мекемеге орналастырылғаны атап өтілді.

Қазіргі уақытта әйел адам дене жарақатын келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тергеу әрекеті жалғасып жатыр, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0