$ 464.53  543.73  6.15

Түркістан облысында балабақша отқа оранды

Оқиға кезінде балабақша ішінде балалар болмаған.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Түркістан облысы Әден ата ауылындағы балабақшалардың бірінде өрт болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жеткен кезде бір қабатты ғимараттың шатыры жанып жатқан. Дереу өртті сөндіру жұмыстары ұйымдастырылды.

Оқиға кезінде балабақша ішінде балалар болмаған.

- Құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің нәтижесінде өрт толық сөндірілді. Жалын 244 шаршы метр аумақты шарпыған, - деп жазды ведомстводан.

Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Төтенше жағдай қызметі азаматтарды өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақырады.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0