$ 465.01  543.55  6.15

Ипотеканың жылдық пайызы 20%-дан аспайтын болды

Жаңа норма 2026 жылғы 16 маусым және 1 шілдеден бастап күшіне енеді.  

Фото: krisha.kz
Фото: krisha.kz

Ипотеканың ең жоғарғы пайызы 25%-дан 20%-ға дейін төмендеді. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Қазақстан Ұлттық Банкі жариялаған бірлескен қаулыда көрсетілген, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы. 

Осылайша, банк несиелері үшін жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті деңгейі:

  • кепілсіз несиелер бойынша – 46%
  • кепілмен берілетін несиелер бойынша – 35% болып қалса,
  • ипотекалық тұрғын үй несиелері бойынша – 25%-дан 20%-ға төмендейді.
  • микроқаржы ұйымдарының микронесиенің жылдық пайызы 46% болады.

Ал 45 күнге дейін және 45 АЕК-ке дейін (2026 жылы 194 625 теңгеге дейін) берілетін қысқа мерзімді микронесиелер бойынша мөлшерлеме күніне 0,3%-дан төмен, бірақ жылдық есепте 179%-дан жоғары болмауы тиіс.

Айта кетейік, осыған дейін нарықты реттеуші ипотеканың пайызын бірнеше рет 20%-ға дейін түсіруге оқталған. Бірақ 2 мәрте кейінге шегерілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0