Қуанышқа бөленген әнші бұл бақытты сәтті көпшілікпен бөлісіп, баршаға осындай шаттық тілейтінін жеткізді.
Әнші Ақбота Керімбекова қуанышты жаңалығымен бөлісіп, екінші рет әже атанғанын хабарлады. Өнер иесінің айтуынша, жуырда отбасында нәресте дүниеге келген, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Қуанышқа бөленген әнші бұл бақытты сәтті көпшілікпен бөлісіп, баршаға осындай шаттық тілейтінін жеткізді.
"Менде сүйінші жаңалық бар. Шаңырағымызда кішкентай нәресте дүниеге келді. Былтыр Ақаным үйленген еді. Немерелі болып жатырмыз. Екінші рет әже болып жатырмыз. Аллаға сансыз шүкір. Барлығыңызға осындай жақсылық бұйырсын! Немере сүйіңіздер! Шөбере сүйіңіздер! Шаңырақтарыңызда той болсын!" – деді әнші.