Айбек Дәдебай партияның басты ұстанымы әділетті қоғам құру екенін атап өтті.
Айбек Дәдебай «Әділет» партиясының төрағасы болып сайланды Астанада өткен «Әділет» партиясының съезінде Айбек Дәдебай партия төрағасы болып сайланды. Жиын барысында ол сөз сөйлеп, жаңа саяси ұйымның негізгі мақсаты туралы айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Айбек Дәдебай партияның басты ұстанымы әділетті қоғам құру екенін атап өтті.
«Мен үшін “Әділет” партиясының төрағасы болып сайлану – үлкен мәртебе әрі зор жауапкершілік. “Әділет” партиясын құрудағы басты мақсат қандай болды? Біздің мақсат – атақ та, мансап та емес. Біз әділетті мемлекет пен әділетті қоғам құру үшін біріктік. Жолымыз сәтті болсын», – деді ол.
Сондай-ақ ол әділет ұғымы партия үшін жай ғана ұран емес екенін жеткізді.
«Біз үшін әділет – жай ғана ұран емес. Бұл – мемлекет тұрақтылығының негізі, қоғамдағы сенімнің басты құндылығы мен өлшемі», – деді Айбек Дәдебай өз сөзінде.