08.05.2026, 15:20

Павлодарда 16 балаға қорлық көрсеткен балабақша тәрбиешісі сотталды

Фото: Pixabay

Айыпталушы 2-2,5 жастағы балаларды азаптағаны үшін кінәлі деп танылды.  

Павлодарда сот балабақша тәрбиешісіне үкім шығарды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Айыптау тарапы айыпталушы балаларға жүйелі түрде зорлық-зомбылық көрсеткенін анықтаған.

Павлодар облысы прокуратурасы мәліметінше, тәрбиеші оларды ұрып-соғып, шашынан тартып, лақтырып, дене жарақатын келтірген. Сот оған 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Дегенмен жазаны өтеу мерзімі кейінге қалдырылды.

Сондай-ақ, тәрбиеші 3 жыл мерзімге педагогикалық қызметпен айналысу құқығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.