08.05.2026, 20:30

Мемлекет басшысы Qazaqstan Barysy Grand Slam халықаралық рейтингтік турниріне барды (ФОТО)

Фото: Ақорда

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Мемлекет басшысымен бірге сайысты Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) президенті Мариус Визер тамашалады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жарысқа әлемнің 36 елінен 300-ге жуық үздік спортшы қатысып жатыр.

Олардың арасында дүние жүзінің үздік палуандары – Олимпиада ойындарының, әлем чемпионатының және құрлық біріншіліктерінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері бар.

Еліміздің абыройын 53 спортшы қорғайды.