08.05.2026, 22:00

Тоқаев Мәскеу қаласына жұмыс сапарымен барды (ВИДЕО)

Фото: Ақорда

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Мемлекет басшысы Мәскеу қаласына жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ертең Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған салтанатты іс-шараларға қатысады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде өтетін Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған салтанатты іс-шараларға қатысатынын жазған болатынбыз.