09.05.2026, 12:30

«Жүкті екенін білмеген»: Алматыда іші ауырып ауруханаға барған әйел босанып қалды (ВИДЕО)

Фото: istockphoto.com

Мәліметке сәйкес, әйел гастроэнтерологқа ішінің кебуі мен ауырсынуына байланысты қаралған.

Алматыдағы жеке клиникалардың біріне асқазанындағы жайсыздыққа шағымданып барған әйел күтпеген жағдайға тап болды – ол УДЗ тексеруі кезінде өзінің жүкті екенін біліп, артынша 7 айлық нәрестені дүниеге әкелген, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Мәліметке сәйкес, әйел гастроэнтерологқа ішінің кебуі мен ауырсынуына байланысты қаралған. Алайда тексеру барысында дәрігерлер оның шамамен жеті айлық жүкті екенін анықтаған.

Гинеколог мамандардың кеңесінен кейін науқастың босану процесі басталып кеткені белгілі болып, дәрігерлер жедел әрекет еткен. Нәтижесінде сәби УДЗ кабинетінің өзінде дүниеге келген.

Дәрігерлердің айтуынша, анасы мен жаңа туған қыздың жағдайы тұрақты. Кейін олар жедел жәрдем қызметкерлерінің көмегімен перзентханаға жеткізілген.

Сондай-ақ белгілі болғандай, бұл отбасы көптен бері бала сүйе алмай жүрген және қыз баланы армандаған екен.