09.05.2026, 14:45

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай өткен әскери шеруге барды (ВИДЕО)

Фото: Ақорда

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеудегі Қызыл алаңда Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай өткен әскери шеруге барды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Сондай-ақ Қазақстан Президенті Александр бағындағы Белгісіз жауынгер бейітіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты. 

Іс-шараларға Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Ресей Президенті Владимир Путинмен бірге Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Малайзия Королі Сұлтан Ибрагим, Лаос Президенті Тхонглун Сисулит және басқа да ресми тұлғалар келді.