09.05.2026, 18:00

Құлсарыда нөсерден кейін көпқабатты үйлерді су басты (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Тұрғындардың айтуынша, кей пәтерлердің қабырғасы көгеріп, жиһаздар мен тұрмыстық техникалар бүлінген.

Құлсарыда кезекті жауған жаңбырдан кейін бірнеше көпқабатты үйдің төбесінен су ақты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Тұрғындардың айтуынша, кей пәтерлердің қабырғасы көгеріп, жиһаздар мен тұрмыстық техникалар бүлінген. Әсіресе күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатқан үйлердің жағдайы халықтың наразылығын тудырған.

— Жаңбыр жауса болды, шелек пен леген тасып кетеміз, — дейді тұрғындар.

Ресми мәлімет бойынша, Құлсарыдағы 126 көпқабатты үйдің 98-і апатты деп танылған. Билік өкілдері биыл бірнеше үй сүріліп, жүздеген отбасы көшірілетінін мәлімдеді.

Алайда жергілікті тұрғындар бұл мәселе жыл сайын қайталанатынын айтып, жауапты мекемелерге шағымдануда.

Әлеуметтік желіде тараған видеоларда пәтерлердің ішіне дейін су кіріп, төбеден сорғалап аққанын көруге болады.

Видео: Halyqstan.kz