Гүлайым Рахмонова жазбасында өзіне қатысты барлық дәлелдер мен бейнежазбалар бар екенін айтып, мәселенің заң аясында қаралатынын жеткізді.
Қазақстандық UFC жұлдызы Шавкат Рахмоновтың жары Кәрина Рахмонова әлеуметтік желіде өзіне қатысты жалған парақшалар ашылып, аңду болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат портады.
«Жалпы, әдеттегідей қайын ағам мен абысыным (тіпті басқа да отбасы мүшелері болуы мүмкін) жалған парақша ашқан. Олар әлі де тынышталар емес және мені жібергісі келмейтін сияқты. Кеше бір аккаунтты өшіріп, орнына тағы біреуін ашқан. Болған жағдайлардың бәрін саралай келе, қайынағам мені аңдыған деген қорытындыға келдім. Яғни, ол көлікпен соңымнан жүрген, ал әйелі үйінде отырып сол аккаунттан түрлі нәрсе жазған. Қазір тиісті органдарға жүгіндім, нәтижесін күтіп отырмыз. Біреуді аңду не үшін керек? Олар менен не қалады? Жол апатынан аман қалған соң мені өлтіргісі келді ме? Бізде барлық дерек бар, камералар бар. Мұның бәрі үшін қатаң жаза қарастырылған», – деп жазды ол.
Гүлайым Рахмонова жазбасында өзіне қатысты барлық дәлелдер мен бейнежазбалар бар екенін айтып, мәселенің заң аясында қаралатынын жеткізді. Алайда ол нақты қандай оқиғаға байланысты құқық қорғау органдарына жүгінгенін ашып айтпады.