05.06.2026, 17:20

WhatsApp-та жаңа функция пайда болады

Фото: unplush

Бұл функцияны чат жолындағы арнайы батырма арқылы қосуға болады.

WhatsApp мәтіндік хабарламаларға арналған бір реттік қарау функциясын енгізу жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бір реттік қарау функциясы бойынша алынған хабарламаны тек бір рет қана ашып оқуға болады, содан кейін ол автоматты түрде өшеді.

"Бұл пайдаланушыларға олардың хабарламалары алушының құрылғысында қанша уақыт сақталатынын бақылауға көбірек мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бір реттік қарау функциясы медиафайлдарды сақтап қалуға, басқаға жіберуге немесе экраннан жазып алуға жол бермей, қосымша қорғаныс жасайды", – деп жазады Wabetainfo. 

Бұл функцияны чат жолындағы арнайы батырма арқылы қосуға болады.

Қазіргі уақытта бір реттік қарау мүмкіндігі тек фотосуреттерге, видеоларға және дауыстық хабарламаларға ғана қолжетімді.

Әзірге жаңа функция Android жүйесіне арналған болашақ жаңартулардың бірінде іске қосылады деп жоспарланып отыр.

Тегтер: Whatsapp Whats App