05.06.2026, 21:30

Қызылордада каналдан қыз баланың мәйіті табылды

Фото: Polisia.kz

Полицияға 3 маусым күні кешкі уақытта Шиелі ауданының ауыл тұрғыны каналдағы шлюз суынан қыз баланың мәйіті табылғанын хабарлаған.   

Қызылорда облыстық полиция департаменті Шиелі ауданында қыз баланың кісі қолынан қаза табу күдігі бойынша іске байланысты түсінік берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Полицияға 3 маусым күні кешкі уақытта Шиелі ауданының ауыл тұрғыны каналдағы шлюз суынан қыз баланың мәйіті табылғанын хабарлаған. 

— Оқиға орнына полиция қызметкерлері дереу барды. Қыз баланың жеке басы анықталды. Аталған дерек бойынша адам өлтіру дерегімен қылмыстық іс қозғалды.

Алдын ала анықталғандай, туыстарының айтуынша, қызы 2 маусым күні кешке үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.

Қазіргі уақытта қылмысты ашу және күдіктіні ұстау мақсатында тәжірибелі қызметкерлерден жедел тергеу тобы құрылды. Оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада.

Тергеу мүддесіне байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмеді. Тәртіп сақшылары мессенджер арқылы жаппай тараған кісі өлтіру жөніндегі ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. 

— Полиция азаматтарды жалған ақпарат таратпауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырады. Көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін заңнамада жауапкершілік көзделгенін ескертеді. Аталған қылмыстық істі тергеу барысы департамент басшылығының ерекше бақылауында, — делінген ресми хабарламада.