06.06.2026, 07:30

Еліміз бойынша 6 маусымға арналған ауа райы болжамы

Фото: Алматы әкімдігі

"Қазгидромет" РМК деректері бойынша, Павлодар, Абай облыстарында күн қатты ысиды: +35°C дейін.

Синоптиктер Қазақстан аумағы бойынша алдағы сенбі, 2026 жылғы 6 маусымға арналған ауа райының синоптикалық жағдайы мен қауіпті құбылыстарының болжамын ұсынды, деп хабарлайды Sn.kz сайты. 

"Қазгидромет" РМК деректері бойынша, Павлодар, Абай облыстарында күн қатты ысиды: +35°C дейін.

"Қазақстан аумағындағы ауа райы айтарлықтай өзгеріссіз қалады: солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер салдарынан найзағай ойнап, бұршақ түседі, батыста нөсер жаңбыр жауады. Тек еліміздің шығысында жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Республика бойынша желдің екпін алады, солтүстікте шаңды дауыл тұрып, түнде және таңертең тұман болады", - деп болжанады.

Сондай-ақ еліміздің бірқатар өңірінде жоғары және төтенше өрт қаупі күтіледі:

Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында, Түркістан облысында, Жамбыл, Павлодар облыстарының батысында, оңтүстігінде, шығысында, Алматы облысының батысында, оңтүстік-шығысында, Қызылорда өңірінің орталығында, оңтүстігінде, шығысында, Қостанай облысының орталығында, солтүстік-батысында, Шығыс Қазақстан облысының орталығында, Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында, Батыс Қазақстан облысының батысында, Қарағанды облысының шығысында, Маңғыстау облысының орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі. Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Қызылорда облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, Түркістан өңірінің орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, Абай облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі.