06.06.2026, 09:00

«Осындай махаббат бәріне бұйырсын»: ата мен әже көпшілікті сүйсінтті

Коллаж: sn.kz

Олардың бір-біріне деген сыйластығы мен жылы қарым-қатынасы желі қолданушыларын тәнті еткен.

Әлеуметтік желіде бірге контент түсіріп жүрген қариялардың видеосы көпшіліктің ықыласына бөленді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Видеода ата мен әже заманауи жастарша штативті қойып, қол ұстасып видеоға түскен. Олардың бір-біріне деген сыйластығы мен жылы қарым-қатынасы желі қолданушыларын тәнті еткен.

Жазба авторларының айтуынша, қариялардың бірге түсірген контенті әлеуметтік желілерде кең тарап, аз уақыт ішінде көп қаралым жинаған. Пайдаланушылар олардың қарапайымдылығы мен табиғилығын ерекше атап өтіп, жылы лебіздерін жаудырып жатыр.

Желі қолданушылары:

«Қандай керемет жұп!», «Осындай махаббат бәріне бұйырсын», «Қарап отырып көңілің көтеріледі», «Нағыз қазақы тәрбиенің үлгісі», деген пікірлер қалдырған.