$ 487.44  567.38  6.62

Молдағұлова көшесіндегі көпір құлағалы тұр: Атырау әкімдігі кімді алдап жүр?

Бұл бейберекетсіздікке нақты кім жауап береді және әкімдік қашан көзін ашады?

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Әлия Молдағұлова көшесіндегі жөндеу жұмыстары тағы да елдің ашу-ызасын тудырды. Жабылған жолға атүсті асфальт төсей салғысы келгендер астындағы үлкен қауіпті байқамайтын тәрізді. Дренаж көпірінің асты қазірдің өзінде үгітіліп, опырылып ортасына түсіп жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жағалай орнатылған ірі құбырлар майысып, төмен қарай шөгіп кеткен. Жағдайдың сорақылығы сондай, мұны көрген жергілікті тұрғындар жаппай дабыл қағуда. Жауапты мекемелер мен атқамінерлердің бұл бассыздыққа бас ауыртып отырған түрі көрінбейді. Күнделікті өтетін көпірдің ертең кімнің басына құлары белгісіз, халықтың шыдамы шегіне жетті.

Бұл бейберекетсіздікке нақты кім жауап береді және әкімдік қашан көзін ашады? Атқарушы билік апаттың алдын алмаса, арты үлкен қайғыға соқтыруы әбден мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Тегтер:

#көпір #Атырау