$ 487.44  567.38  6.62

Иранға қатысты келісім не қатаң шара: Трамп маңызды мәлімдеме жасады

Оның сөзінше, мәселе дипломатиялық келісім арқылы да, қатаң тәсілдермен де шешілуі мүмкін.

Фото: Andrea Renault/STAR MAX/IPx/picture alliance
Фото: Andrea Renault/STAR MAX/IPx/picture alliance

АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтонның Иранға қатысты ұстанымы жақын уақытта нақты шешімге келетінін мәлімдеді.

Оның сөзінше, мәселе дипломатиялық келісім арқылы да, қатаң тәсілдермен де шешілуі мүмкін.

«Біз Иран мәселесі бойынша шешуші кезеңге жеттік. Бұл келісім арқылы да, қатаң әдістер арқылы да аяқталуы мүмкін», – деді Трамп Висконсин штатындағы Чиппева-Фолс қаласында өткен ауыл шаруашылығы мәселелеріне арналған дөңгелек үстел барысында.

Трамп қазіргі таңда келіссөздердің соңғы кезеңіне жақындағанын атап өтіп, жағдайдың жақын күндері белгілі болатынын айтты.

«Біз бұл үдерісті негізінен аяқтадық. Оның дипломатиялық жолмен шешілетінін немесе басқа сценарий жүзеге асатынын алдағы уақытта көресіздер. Әрине, келісімге келу әлдеқайда оңай жол», – деді Трамп.

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ пен Иран арасында ядролық бағдарламаға қатысты келіссөздердің жалғасып жатқаны хабарланған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0